Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыс жасаған адамдарға қатысты ережелер өзгерді. Бұл туралы CORONDVIRUS2020.KZ телеграм каналы хабарлады.
Енді олар жақын байланыста болған және байланыс жасауы ықтимал адамдар деп бөлінеді.
*Жақын байланыста болған адамдар — пациентпен бір жарым метрден аз қашықтықта 15 минуттан астам уақыт жүргендер.
*Байланыс жасауы ықтимал адамдар — пациентпен жабық кеңістікте бір жарым метрден астам қашықтықта 15 минуттан астам уақыт болған адамдар.
*Енді жақын байланыста болған азаматтарға қолхат алып үйде карантинде отыруға рұқсат етіледі (бұған дейін олар ПТР тексеруден міндетті түрде өтіп, карантиндік стационарларға жатқызылған еді).
* Қарым-қатынас жасауы ықтимал адамдар да COVID-19-ға тест тапсырады, алайда оларға ешқандай ауру белгілері болмаса, өзін-өзі оқшауламауына болады.