Қазіргі уақытта 217 мың пойыз билеті сатылды
Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімге сәйкес 2020 жылдың 1 маусымынан бастап, теміржол түрлі бағыттар бойынша 54 пойыз жүре бастайды. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.
Билеттер 2020 жылдың 15 мамырынан бастап сатыла бастады.10 күннің ішінде 217 мың билет сатылған.
ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігі пойыз билеттерін онлайн режимде ресімдеуді ұсынады.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 1 шілдесінен электрондық билеттеудің жаңа жүйесіне көшу басталады. Бұл жүйе билеттерді сатып алу шарттарын жақсартуға, сондай-ақ «Күту парағы» бойынша кезек тәртібімен билет сатып алуға мүмкіндік берді.
«Күту парағы» арқылы жолаушылар орын болмаған жағдайда да өтінім бере алады. Орын пайда болғанда жолаушы электрондық поштасына тиісті хабарлама алады. Бұл ретте жолаушының деректерін ауыстыру мүмкін емес. Осылайша, жолаушыларды ауыстыруға және брондалған билеттерді сатып алуға жол берілмейді.