Зейнетақы қорына биыл 347,1 млрд теңге жарна түсті

Жарияланды
Бұл былтырғымен салыстырғанда 15 % артық

Салымшылардың шоттарына 2020 жылдың басынан бері жалпы көлемі 347,1 млрд теңге зейнетақы жарналары түсті, бұл 2019 жылдың алғашқы 4 айындағы көрсеткіштен 15%-ға артық, –деп хабарлайды «БЖЗҚ» АҚ-ның ресми телеграм арнасы.

 Төлемдер 52,6 млрд. теңгені құрады, олардың басым бөлігі жасына байланысты (21,4 млрд.теңге), ҚР шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету бойынша (12,6 млрд. теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (9,8 млрд. теңге), мұрагерлерге (7,4 млрд. теңге), жерлеуге (0,8 млрд. теңге) берілген.
 

Сондай-ақ оқыңыз