Алматыда COVID-19 бойынша адамдарды жаппай тестілеу жоспарлануда 

Жарияланды
Бұл қаладағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді

Алматы әкімі Б. Сағынтаев БАҚ үшін болған брифингте санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралары және мегаполистің тыныс-тіршілігін қалпына келтіру туралы айтты. Бұл туралы Алматы әкімдігінің телеграм каналы хабарлады.

Бақытжан Сағынтаев айтқандай, жаппай тестілеуден медұйымдардың, құқық қорғау органдарының, Ұлттық гвардияның, коммуналдық қызметтің қызметкерлері, тыныс алу жолдарында бұрыннан аурулары бар сырқаттар, респираторлық ауру белгілері бар науқастар өтті.

Басты мақсат — індетті жұқтырудың нақтылы ошағын анықтау және эпидемиологиялық жағдайды бақылау. Осының арқасында карантин шаралары бәсеңсіп, кәсіпорындардың жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік туды.
Бүгінгі күні 149 866 тест жүргізілді, оның ішінде ПЦР әдісі бойынша 123 855 адам тексерілді, 26 011 адам экспресс-тестілеуден өтті. 2 353 оң нәтиже анықталды, оның 90 пайызы профилактикалық шаралар барысында белгілі болды, 7 пайызы жергілікті оқиғалар болса, 3 пайызы сырттан келгендер.

Жеке инвесторлардың қатысуымен зертханалар саны 2-ден 6-ға дейін артты. Сараптама жасаудың 2 жылжымалы қоршаулы пункті ашылды.

Күн сайын 4500-5000 тестілеу жүргізу жоспарлануда.
 

Сондай-ақ оқыңыз