Сенат парламенттік оппозиция туралы заңды қабылдады

Жарияланды
Сессия барысында кемінде бір рет парламенттік тыңдаулар өткізе алады

Парламент Сенатының жалпы отырысында «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңы, сондай-ақ «ҚР Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы» Заңына парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. Осылайша, жоба мемлекет басшысына қол қоюына жіберілді.

Заң жобасын таныстырған Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев «Ақ жол» Демократиялық партиясы 2012 жылы әзірлеген «Парламенттік оппозиция туралы заң жобасын жаңартты.

«Заң жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр 20 желтоқсанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында парламенттік оппозиция институтын заңнамалық бекіту туралы тапсырмасын орындау мақсатында дайындалды. Осы нұсқауды қолдана отырып «Ақ жол» Демократиялық партиясы алдын ала әзірлеген «Парламенттік оппозиция туралы» заң жобасын Мемлекет басшысының тапсырмасына және де қолданыстағы заңнамалық талаптарға сәйкес жаңартты», – деді ол.

Заң жобасы ғалымдармен және саяси қоғам өкілдерімен талқыланды.

«Парламенттік оппозиция үшін бірқатар құқықтық артықшылық қарастырылған: әрбір сессия кезінде парламенттік тыңдау мен үкімет сағаттарын (министрлердің есебін тыңдау) бекіту құқы, үкіметтің заң жобасымен қатар балама (альтернативті) заң жобасын ұсыну», – деді депутат.

Сондай-ақ оқыңыз