Әскер қатарына қабылданғандардың барлығы тесттен өтеді
Жарияланды
14 күндік карантинге алынады
Әскер қатарына қабылданғандар 14 күндік карантинге алынып, тесттен өтеді, – деді Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы Амантай Өсербаев. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
Біріншіден, әкімнің шешіміне байланысты медициналық комиссияның құрамына жұқпалы аурулар маманы қосылды және барлық шақыру орындарында медициналық пост қойылды. Яғни әрбір шақырылған азаматтың дене қызуы тексеріліп, бірден жұқпалы аурулар дәрігеріне барады.
Әскерге шақырушылардың ант қабылдау рәсіміне ата-аналары мен туыстары шақырылмайды. Дегенмен, санитарлық нормаларды сақтай отырып ант қабылдау рәсім өткізіледі.