Қазақстан қалалары арасындағы блокпостар алынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ведомствоаралық комиссияның 1 маусымнан қалалар арасында блокпостарды алып тастау шешіміне сәйкес, 5 маусымнан тасымалдау шараларын жандандыру бойынша жұмыстар іске асырылады», – деді Ж. Тайжанов.