«Ақтөбе хром қосындылар зауыты» АҚ №4 цехында 50 текше бак ішіндегі тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасының бұзылуы салдарынан төрт жұмысшы қаза тауып, екі адам ауыр жағдайда жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Аталған факті бойынша облыстық ПД ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 4-бөлімі (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан қауіпсіздік техникасын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.
Істің себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр. Оқиға орнында ПД, ТЖД қызметкерлері жұмыс атқарып жатыр.