Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.
Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобының төрағасы ретінде сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік қоғамдастықтың назарын індеттің салдарына аудара отырып: «Пандемия барлық мемлекеттердің дамуына қауіп төндірді. Әсіресе сыртқы қаржыландыруы, сауда және инвестициясы азайған теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдерге оның зардабы көбірек тиді», – деді.