Түркістан облысында 4 адам қаза тапты 

Жарияланды
Олар жол-көлік оқиғасынан мерт болды

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасы орын алып, төрт адам қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

  Жетісай-Шардара автожолының 8 шақырымы Кетебай ауылының бойында «Нексия» және «Лада-Vesta» маркалы екі жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысты. Аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан «Нексия» көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы және «Лада-Vesta»көлігінің бір жолаушысы қаза тапты. 

Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы болған жерде Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.

 

Сондай-ақ оқыңыз