АҚШ қалаларында тәртіпсіздіктерден кейін коменданттық сағат енгізілді

Жарияланды
Сырттан келген радикалдар әдейі ұйымдастырып жатыр

АҚШ-тың Миннесота губернаторы афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін АҚШ қалаларында басталған қарсылық шараларының енді қара нәсілдінің өліміне қатысы жоқ екен мәлімдеді. Жаппай тәртіпсіздіктерді сырттан келген радикалдар әдейі ұйымдастырып жатыр. АҚШ қалаларында коменданттық сағат енгізілді. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады.

Алдымен осы штаттың ең ірі қаласы – Миннеаполисте, содан кейін Вашингтон, Атланта, Нью-Йорк және басқа да ірі қалаларында қарсылық шарасына қатысушылар мен полиция арасында қақтығыстар орын алды.

 

Флойдтың мойнына тізесін қойып, тұншықтырған бұрынғы полицей қамауға алынды.

 

44 жастағы Дерек Шовинге үшінші дәрежелі кісі өлтірді деген айып тағылып отыр. Тағы да үш полицейге қатысты тергеу жалғасуда. Наразылық білдірушілер оларды жауапқа тартылуын талап етіп жатыр.
 

Сондай-ақ оқыңыз