Ақтөбе қаласында жеңіл автокөліктің жүргізушісі 14 жастағы жасөспірімді қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
«Рено Дастер» автокөлігінің 50 жастағы жүргізушісі «Авиагородок» шағын ауданында №19 үйге қарама-қарсы келе жатып, ҚР ЖҚЕ бұзып, 2006 жылы туған кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. ЖКО салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 2020 жылдың басынан бері балалардың қатысуымен 27 ЖКО болды, онда 26 адам зардап шекті және бір бала қаза болды.