Алматы ботаникалық бағы 15 маусымда қайта жаңартудан кейін ашылады. Бұл туралы Botsadkz инстаграм желісінде хабарлады.
15-21 маусым аралығында жаңартылған баққа экскурсиялар, өсімдік шаруашылығы бойынша дәрістер мен семинарлар ұйымдастырылады. Бұл күндері бақ сағат 10: 00-ден 23: 00-ге дейін ашық болады. Келушілерге кіру тегін.
Ботаникалық баққа Тимирязев көшесіндегі негізгі кіреберістен кіруге болады.Сонымен қатар , әл-Фараби даңғылы мен «Атакент» көрме орталығының аумағынан кіре аласыз. Барлық келушілерге міндетті түрде бетперде кию қажет.