Көп пәтерлі үйлерге онлайн-сервис іске қосылды

Жарияланды
Бүкіл құжаттар осы сервисте сақталады

Алматы қаласы мен Алматы облысы аймағындағы электр энергиясын кепілдік жеткізушісі «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің сайтында (www.esalmaty.kz) кезекті онлайн-сервис іске қосылды. Бұл туралы «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің баспасөз қызметі хабарлады. 

Дербес шот бойынша жылжымайтын мүлік объектісінің меншік иесі туралы деректердің өзгерістерін енді ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) куәландыру арқылы және «Жеке кабинетте» тіркеу жүргізбей онлайн режимінде енгізуге болады.

Функционал электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланатын және пәтерлерде тұратын жеке тұлғаларға ғана арналғандығын атап өткен жөн.

Интернетке шығу мүмкіндігі болған жағдайда, тұтынушы өз үйінде, кеңседе, өтінім береді, қажетті құжаттарды тіркейді, электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қояды және меншік иесі туралы деректерді өзгертуге өтінім жібереді.

Деректемелерді онлайн өзгерту кезіндегі іс-әрекеттер реті мынадай:
I. Тұтынушы «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС сайтындағы «Жеке тұлғалар үшін» бөлімінде «Меншік иесінің ауысуы» деген жолға басады және жеке тұлғаның ЭЦҚ-сы арқылы авторизация жүргізеді;

II. Тұтынушы деректемелерді өзгертуге онлайн өтінімді береді және оған екі құжатты қоса ұсынады (1. жеке куәліктің көшірмесі және 2. Жылжымайтын мүліктің болуы туралы анықтама).
Егер тұтынушы тұтынылған электр энергиясы үшін ақыны сараланған тариф бойынша төлеуді қаласа, онда тіркелген тұлғалар туралы мәліметтері бар тағы бір құжатты ұсынады, атап айтқанда egov.kz-тегі Жеке кабинетте жылжымайтын мүлікте тұратындардың/тіркелгендердің санын растауы бар экранның скриншоты (Жеке кабинеттің жоғарғы бөлігінде);

III. Тұтынушының пошталық мекенжайына өтінім мәртебесінің «Қарастыруда» болып өзгеруі туралы электрондық хабарлама келіп түседі;

IV. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің қызметкері өтінімді талдайды және растайды немесе өтініш берушіге құжаттардың толық пакетін және т.б. алу үшін қайтарады;

V. Тұтынушыда өтінім мәртебесі өзгереді.

Назар аударыңыз! Егер тұтынушы «Тіркелген тұлғалар туралы мәліметтерді» тіркемесе, онда есеп айырысу жүргізу кезінде «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің орташа босату тарифі қолданылады, 01.01.2020 жылдан бастап – 1 кВт.с үшін ҚҚС-пен 19,17 теңге.

Меншік иесінің деректеріндегі өзгерістер онлайн өтінімді қарастыру оң мәртебесін алғаннан кейін келесі айдан бастап коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шотта көрсетілетін болады.
 

Сондай-ақ оқыңыз