Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында қақтығыс орын алды

Жарияланды
Екі ауылдың тұрғындары бір-біріне тас лақтырды

Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасында шекаралас аймақтардың тұрғындары арасында қақтығыс болды. Бұл туралы Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің шекара әскерлерінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жанжал Чашма бұлағын тазарту кезінде орын алған.

Тұрғындар бұлақты бөлісе алмаған. Бір-біріне тас лақтырып, кейін тіпті бірнеше ғимаратты өртеген.  

«Жердің өзі даулы. Бұлақты екі жақ та пайдаланады, сондықтан жанжалдар жиі болып тұрады», – деді Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Акрам Мадумаров.
 

Сондай-ақ оқыңыз