1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облысында Өскемендегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы балаларға шағын ойын алаңы орнатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
«Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бұл орталықта 60-қа жуық бала бар. Алдағы уақытта балалар мен бірге қарттар үйіне де, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен мүгедек ауру сәбилерге де қол ұшын беру жоспарда бар. Мақсатымыз – осындағы бүлдіршіндердің бір сәт болса да көңілін жадырату», – деді ОВ 156/2 мекеме басшысының орынбасары Әділ Нұрланұлы.
Қамсыз балалықты арнайы әлеуметтік орталықта өткізіп жатқан бүлдіршіндермен жүздесіп, сыйлықтар табысталды.