ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық бүлдіршіндерді төл мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Kursiv.kz.
«Барша қазақстандықтарды Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтаймын. Бұл – өскелең ұрпақтың амандығына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне аға буын жауапты екенін еске салатын мереке. Еліміздегі әр бала мейірімге бөленіп, балалық шағын бақытты әрі қызықты өткізуге қақылы», – деді мемлекет басшысы Twitter парақшасында.