Алматыда «Абай оқулары» жыр сайысы өтті
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты әскери қызметшілерінің балалары арасында «Абай оқулары» атты мәнерлеп оқу жыр сайысы өткізілді. Бұл туралы РЭжБӘИИ баспасөз қызметі хабарлады.
Шараның басты мақсаты – Ұлы ақын мұрасын кеңінен насихаттау және өскелең ұрпақтың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.
«Ел Президенті Қ.Тоқаев Абайдың 175 жылдығын мәнді және жоғары деңгейде өткізуді талап етті. Карантинге байланысты сайысты қашықтан өткізуге тура келді. Қатысушылар өз номерін видеоға түсіріп, біздің электронды поштамызға жолдады», – деп атап өтті РЭжБӘИИ әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметінің өкілі Ақбота Мұстабекова.
Сайыста 30-дан астам бала өнер көрсетті, олар Абай шығармаларын мәнерлеп жатқа оқуда өзара бақ сынасты. Қатысушылардың өнерін қазылар алқасы әділ бағалады. Басты назар қатысушының жырды мәнерлеп оқуына, әртістік қабілетіне және ерекшелігіне баса мән берілді. Жас ерекшеліктеріне байланысты қатысушылар 3 топқа бөлініп, үздіктері іріктелді.
3-7 жас аралығында І орын – Көптілеу Даниел; ІІ орын – Әріпжан Айсулу; ІІІ место – Жанғалиев Диас.
8-10 жас аралығында І место – Нұржан Нұрасыл; ІІ орын – Берікбаева Нұрай; ІІІ орын – Ғалымжанқызы Айлун.
11-14 жас аралығында І орын – Аюпұлы Ибраһим; ІІ орын – Бейбіт Айгүлім; ІІІ орын – Тыныштықбаева Даниеля.
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар, Абай Құнанбаевтың өлеңдер жинағы мен әскери институт басшылығы атынан мадақтама қағазымен марапатталды. Сайысқа қатысып, өнер көрсеткендегі ынта-жігері үшін барлық қатысушыға алғыс хат табысталды.