АҚШ президенті Дональд Трамп елдің ішіндегі жаппай болып жатқан тәртіпсіздік шараларын тоқтату үшін әскери күш қолданатынын мәлімдеді, -деп хабарлайды .bbc.com ақпараттық сайты
1878 жылы қабылданған Posse Comitatus Act заңы бойынша, конгрестің рұхсатынсыз президент ешқандай күш қолдана алмайды. Алайда Трамптың айтуынша, ол 1807 жылы шыққан Insurrection Act заңды қолдана алады екен. Алайда ол ешқандай штатта бұрын соңды жүзеге аспаған.
Президент елдегі тәртіпсіздікті террорлық акт деп қабылдады.
« Егер елдегі тәртіпсіздіктер мен қирату ұрып соғу сияқты әрекеттер тоқтамаса, мыңдаған әскери күшті жұмылдырамын,-»деді ол
Президент осы мәлімдемені жасау үшін Ақ үйдің алдына келгенше, полиция бейбіт шерушілерді көзден жас ағызатын газбен біраз адамды таратқан еді.