Тұрғын үй құрылысы саласын қолдауға 390 млрд теңге бөлінеді

Жарияланды
Үй кезегіне қою тәртіппен жүзеге асырылады

Тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мемлекет саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру және ағымдағы құрылыс көлемін қолдау үшін Мемлекет басшысы Үкіметтің «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қосымша 390 млрд  теңге қаражат бөлу туралы ұсынысын мақұлдады,-деп хабарлайды PrimeMinister.kz сайты.

 
Осы тапсырма аясында биыл 9 сәуірде ҚР Ұлттық банкі «Қазақстанның тұрақтылық қоры» АҚ еншілес ұйымы арқылы жалпы сомасы 180 млрд теңгеге «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ облигацияларын сатып алды (келесі шартпен: 2 жыл мерзімге жылдығы 4%-бен).

Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында сөз өсйлеген Мемлекет басшысы алдағы уақытта шешілуі тиіс бірқатар аса маңызды міндеттерді айқындап берді. Оның ішінде қолжетімді тұрғын үй құрылысы бар. 

Тұрғын үй кезегінде тұрғандардың мәселесін шешу үшін Президент несиеге берілетін тұрғын үймен қамту бойынша жаңа жобаны — «5-10-20» бағдарламасын іске қосуды тапсырды. Осы мақсатта дағдарысқа қарсы шаралар аясында 390 млрд теңге қаражат бағытталатын болады. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы институционалдық құрылымды жаңғырту қажеттігіне назар аударды. Мәселен, жыл соңына дейін «Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ негізінде толыққанды даму және қолдау институты — «Отбасы банк» құрылуы тиіс, ол тұрғын үйді есепке алу, кезекке қою және бөлуді орталықтандырылған тәртіппен жүзеге асыратын болады. 
 

Сондай-ақ оқыңыз