2019 жылы «ҚазАгро» 53 млрд теңгеге 82 мың бас ІҚМ импортын және 12,3 млрд теңгеге 374 мың бас ұсақ мал сатып алуды қаржыландырды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында халықпен есепті кездесу барысында мәлімдеді, – деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
⠀
Сондай-ақ, құны 19,1 млрд теңгеге 16 жаңа инвестициялық жоба қаржыландырылды. Осылайша, бұрын қаржыландырылған жобаларды ескере отырып, 2019 жылы жалпы құны 64,3 млрд. теңге болатын мал шаруашылығы саласындағы 54 инвестициялық жоба пайдалануға берілді.