Өткен жылы ауыл шаруашылығына салынған инвестиция 41%-ға артты
Өткен жылы ауыл шаруашылығына салынған инвестиция 41%-ға артты. Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі тұрғындармен жыл сайынғы есеп беру кездесуін өткізді. Сапархан Омаров ҚР АШМ 2019 жылғы жұмыс қорытындыларын, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2020 жылға арналған жоспарлары туралы баяндады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
⠀
Министрдің айтуынша, өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 0,9 пайызға артып, 5,2 трлн. теңгені құрады. Мал шаруашылығында өндіріс -4%-ға өскен, ауа райының қолайсыздығына байланысты өсімдік шаруашылығы – 1,7%-ға төмендеген.
⠀
2019 жылы республиканың аграрлық саласына 0,5 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылған, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 41%-ға артық. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 14%-ға ұлғайып, бір қызметкерге 2,4 млн. теңгені құрады.