Мониторинг тобы қаладағы мекемелердің жұмысын бақылап, олардағы санитарлық-эпидемиялық нормалардың сақталуын тексеріп жүр. Бұл туралы Алматы әкімдігінің телеграм каналы хабарлады.
Карантин шаралары сақталуы тиіс нысандар:
*Ашық бассейндер, жағажайлар, саябақтар мен скверлер, ойын-сауық аттракциондары;
*Қала сыртындағы және мектеп жанындағы сауықтыру нысандары, шипажайлар;
*Мәдениет нысандары, ойын-сауық орталықтарында орналасқан кинотеатр, фуд-кордтар, балалар ойнайтын алаңдар.