Елімізде коронавирус індетінен тағы 4 адам қайтыс болды

Жарияланды
Барлығы 48 адам көз жұмды

Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 4 науқас көз жұмды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.

 
Қарағанды облысы – 1964 жылы туған ер адам, Атырау облысы – 1964 жылы туған және 1951 жылы туған ер адамдар, Нұр-Сұлтан қаласы – 1951 жылы туған әйел адам.

 
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 48 адам қайтыс болды.

Сондай-ақ оқыңыз