Қазақстан зейнетақы қаражатының сақталуына кепілдік беретін әлемдегі жалғыз ел
Жарияланды
Сонымен бірге, елімізде зейнеткерлікке шыққан кездегі инфляция деңгейін ескереді
Зейнетақы жинақтарының сақталуы әр салымшыны толғандырады. Қазақстан – зейнеткерлікке шыққан кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуына кепілдік беретін әлемдегі жалғыз ел. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ-ның ресми телеграм арнасы хабарлады.
«ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру құқығына ие болған кезде инфляция деңгейін ескере отырып, нақты төленген сома көлемінде зейнетақы жарналарының міндетті түрлерінің сақталуына кепілдік береді. Бұл қаржы нарығындағы оқиғалар мен инвестициялық кірістердің жағдайына қарамастан салымшылардың жинақтары сенімді түрде қорғалатынын білдіреді.