Жаңалықтар

Биыл Маңғыстау  облысында 9500 тұрғын үй салынады  

Бұл жоба барысында 973 адам жұмыспен қамтылады

Маңғыстау облысында биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 1 071 мың шаршы метр немесе 9500 тұрғын үй салу міндеті тұр. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.

Биылғы І тоқсанда салаға 22,4 млрд. теңге инвестиция бағытталған. Бұл –  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% көп қаражат. Осы кезеңде  жалпы ауданы 349,4 мың шаршы метр болатын 2422 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде – 1594 жеке үй. 

Жалпы биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Маңғыстау облысында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысына 15,1 млрд. теңгеге 19 жоба іске асырылып, 973 адам жұмыспен қамтылады.