Қазақстандықтар ақшаларын қай банкте, қандай валютада сақтайды. Бұл туралы TengeOnline телеграм арнасы хабарлады.
Қазақстандық жеке тұлғалардың банктердегі депозиттерінің көлемі 1 мамырда 9,8 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан бері 548 млрд теңгеге өскен.
Депозиттердің 74% елдегі ең ірі 5 банкке: Halyk bank (35%), Kaspi Bank (16%), ЖССБК (9%), Сбербанк ЕБ АҚ (8%), Банк ЦентрКредит (6%) салынған.
Депозиттердің 56% теңгеде, 44% шетелдік валютада.