Жаңалықтар

Қазақстанда былтыр 381 комбайн және 895 трактор шығарылды

Машина жасау өндірісінің көлемі 41,2 млрд. теңгені құрады

Машина жасау – отандық өнеркәсіптің серпінді дамып келе жатқан салаларының бірі. Елімізде өткен жылы машина жасау өндірісінің көлемі 1370 млрд. теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 20,9% артты. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өндірісінің көлемі 41,2 млрд. теңгені құрап, 381 комбайн және 895 трактор шығарылды. 2010 жылдан бастап осы бағыттағы өнім желісін кеңейту басталды. Ауыл шаруашылығының қажеттіліктеріне арналған аспалы жабдықтар мен техниканың түрлерін өндіру іске қосылды. Тракторлар мен комбайндар өндірісі артты.

Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау бағытындағы негізгі кәсіпорын – «СемАЗ» ЖШС. Зауыт мамандары Қазақстанда алғашқылардың бірі болып дәнекерлеу мен бояуды қамтитын толық циклді автожинауды енгізді. Онда жұмыс Кореяның Daewoo Bus Global Corporation компаниясы автобустарын шығарудан басталды. 2006 жылы Семейде бұрыннан тұрып қалған арматура зауыты орнына автоқұрастыру өндірісі құрылды. Жобаға бастапқы кезеңде құйылған инвестициялар көлемі 9 млн. АҚШ долларын құрап, оның ішінде 7 млн. өндірістік алаңды күрделі жөндеуге бағытталды.