Кино түсіруге 5 миллиардтан астам ақша бөлініп жатыр
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы екінші питчинг нәтижелері бойынша миллиард теңгеге жуық қаржы алады,-деп хабарлайды «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ Баспасөз-қызметі.
Сәрсенбі күні, 3 маусымда Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы екінші питчингінің нәтижелері бойынша мемлекеттік қаржыландыруды алған картиналар тізімі белгілі болды.
Ең ірі бенефициар жалпы сомасы миллиард теңгеге жуық он үш жобаға қолдау алған «Қазақфильм» киностудиясы болды. Сараптамалық кеңес және Ведомствоаралық комиссия мәжілістерінің қорытындылары бойынша қаржыландыруға мақұлдауды келесі жобалар алды: «Серикбол Кондыбай: воин духа», «Природа Казахстана: Устюртский заповедник», «Касым Джакибаев», «Олиара», «Алтын Адам», «Таутай-лақ », «Горячее озеро», «Самый долгий день лета», «Көше ақыны», «Рух», «Граната», «Возвращение моря» және «Номады XXI века».
Екінші питчинг нәтижелері бойынша қаржыландыруды алатын қалған 29 жоба жеке студиялардың күшімен түсірілетін болады. Оларды жүзеге асыру үшін бес миллиардқа теңгеге жуық қаржы бөлінеді.
Екінші питчингтің нәтижелері бойынша «ҰКҚМО» КЕАҚ киножобалардың бұрын-соңды болмаған санына бір мезетте қолдау көрсетті. Өтініш берген 223 сұранымның ішінен 42 картина қаржыландырылады.