ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 87 виброакустикалық апараттар сатып алды

Жарияланды
Бұл өкпе патологиясын емдейтін  құрылғылар

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы жұқпалы аурулар ауруханаларына өкпе патологиясын емдейтін  87 виброакустикалық аппарат сатып алды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министірлігі телеграм каналында хабарлады.

Бұл COVID-19 қарсы күресу мақсатында медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған бағдарламаның жалғасы.

Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес вирустық инфекциядан пайда болған өкпе асқынуларын емдеу ережесі бойынша  виброакустикалық терапияны қолдану қажет және аталған аппаратты пайдаланған жағдайы ауыр науқастардың нәтижесі оң.

Дәрі-дәрмекпен емдеу әдісін азайтылған, кешенді бифокальды виброакустикалық өкпе терапиясы:

– өкпені желдетуді жақсарту;

– трахеобронхиалды дренирлеуді белсенді ету;

– өкпе тінінің инфильтрациясын шешуді жеделдету;

– өкпені жасанды желдету аппараттарын қолдану мерзімін  қысқарту және жіті респираторлық дистресс-синдромның даму қаупін төмендету.

Айта кету керек, бұл аппараттың әзірлеушісі және өндірушісі отандық BERK Technology компаниясы, кәсіпорын отандық өнімді БАӘ, Сингапур, Ресей, Өзбекстан және басқа да елдерге экспорттайды.

Сондай-ақ оқыңыз