Елімізде коронавирус індетінен тағы 1 адам көз жұмды
Жарияланды
Ол 1952 жылы дүниеге келген әйел
Коронавирус індетінен 1 адам Батыс-Қазақстан облысында көз жұмды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
⠀
Ол 1952 жылы дүниеге келген әйел.
Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім себебін коронавирус инфекциясынан орын алды деп тіркеуге шешім қабылдады.
⠀
Қазақстанда COVID-19-дың кесірінен барлығы 53 адам қайтыс болды.