Қазақстанда 7135 адам коронавирустан емделіп шықты
Жарияланды
232 науқас сауығып, ауруханадан шықты
Қазақстандық дәрігерлер 7135 адамды коронавирустан емдеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
⠀
Коронавирус жұқтырған 232 науқас сауығып, ауруханадан шықты. Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында – 56
Алматы қаласында – 31
Шымкент қаласында – 8
Ақтөбе облысында – 7
Маңғыстау облысында – 2
Павлодар облысында – 10
Костанай облысында – 10
Атырау облысында – 23
Түркістан облысында – 2
Қарағанды облысында – 37
Қызылорда облысында – 5
Шығыс-Қазақстан облысында – 3
Солтүстік-Қазақстан облысында – 1
Батыс-Қазақстан облысында – 30
Жамбыл облысында – 7.