Алматыда 65 жастағы кісі тауда қайтыс болды
Жарияланды
Оның жүрегі ұстап қалған
Алматы маңындағы тауда 65 жастағы кісі қайтыс болды. Бұл туралы kris_p_kz әлеуметтік желіде хабарлады.
.«Қарт кісінің жасы 65-те. Оның биік тауда жүрегі ұстап, жағдайы нашарлаған. Жедел құтқару жасағына, кезекші диспечерлік бөліміне осы жағдай туралы ақпарат түскен»,- делінген хабарламада.
Өкінішке қарай, қария құтқарушылар келгенше қайтыс болды. Құтқарушылар оның денесін 103 және 102 бөліміне тапсырды.