Анасы жаңа туған нәрестені көшеге тастап кеткен

Жарияланды
 Нәрестенің туылғанына 4-5 сағат қана  болған

Түркістан облысының полиция қызметкерлері жаңа туылған нәрестенің анасын іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан Ақсукент ауылының көшелерінің бірінде сүлгіге оралған күйде , нәрестенің жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. 

Аталған хабарлама бойынша оқиға орнына Сайрам АПБ бастығы бастаған жедел тергеу тобы шықты. 
Тәртіп сақшылары көрсетілген мекен-жайға келіп, сүлгіге оралған, туылғанына 4-5 сағат болған, бойы шамамен 50 см болатын шақалақты тапқан. Тез арада нәрестені аудандық орталық ауруханаға жеткізген, қазір баланың жағдайы жақсы. Осы дерек Сайрам АПБ-на ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабымен тіркелді.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлерімен анасы іздеп, қажетті шараларды жүргізді. Қорытындысында анасы анықталды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Дәрігердің анықтамасына сәйкес жас нәресте – қыз, салмағы 2.75 кг, бойы 52см, азиат нәсілді, туылғанына 4-5 сағат болған.
 

Сондай-ақ оқыңыз