Қырғызстаннан Қазақстан мен Ресейге 79 163 автокөлік құралы тасымалданған

Жарияланды
Соңғы бір жарым жылдың ішінде

Бір жарым жыл ішінде (2019 жылғы қаңтар – 2020 жылғы маусым) Қырғызстаннан Қазақстан мен Ресейге 79 163 автокөлік құралы тасымалданды (кедендік бақылаудағы транзитті есепке алмағанда). Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жүргізілген мониторинг нәтижесінде 2,1 млрд. теңге сомасына қосымша салық есебі тапсырылған.

Тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге  тауардың сай келуіне ерекше назар аударылады. Қырғызстаннан келе жатқан автомашиналарға жасалған 1547 тақырыптық салықтық тексерулердің 1505 жағдайында бұзушылықтар анықталды (98%).

Қырғызстанның экпорты мен Қазақстанның импорты туралы деректер айтарлықтай алшақтық көрсетті: Қырғызстанның цифрлары 10 есеге төмен. Олардың ақпараты бойынша 2019 жылдың 9 айында Қазақстанға экспорт 18 млрд. теңгені, ал біздің деректер бойынша – 186 млрд теңгені құрады. Құнды төмендету және жалған транзит фактілерін ескерсек, сәйкессіздіктер одан да көп болады.

Сондай-ақ оқыңыз