Жаңалықтар

Қызылордада шектеу шаралары күшейтілді

Ұжымдық, жанұялық жиындарға тыйым салу жалғасады

Қызылордада эпидемиологиялық жағдай толық тұрақтанғанға дейін жаңа шектеулер енгізілді. Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

1.«Қамбаш» демалыс орнының жұмысы тоқтатылды.

2. Балалар сауықтыру лагерлерін іске қосу мерзімі кейінге шегерілді

3. Ұжымдық, жанұялық (туған күн, дәстүрлік, әдет-ғұрыптық шаралар, т.б.) жиындарға, оларды мейрамханаларда өткізуге тыйым салу жалғасады.

4. Компьютерлік клубтар,  мото және лото конторалар, бильярд клубтары, тәуліктік пәтерлер мен үйлерді жалға алу қызметі, үй-жайлардағы балалар ойын алаңдарының қызметіне шектеу жалғасуда.

5. Санитарлық талаптардың сақталуы мобильдік топтардың рейдтері мен полиция қызметінің әскери бөлімдердің сарбаздарын тарта отырып патрульдеу арқылы күшейтіліп отыр.

Бүгінгі күні облыста санитарлық нормаларды бұзғаны үшін 2 кәсіпкерлік нысанына әкімшілік хатталамалар толтырылып, материалдар сотқа жолдануда.

Бұдан бөлек, емдеу мекемелері бойынша аурудың күрт өсуіне соқтырған  нысандар бойынша 13 медицина қызметкеріне айыппұлдар салынып, бір материал экономикалық сотқа жолданды