Банк пен қаржы

Пандемия салдарынан қызмет көрсету саласы тұралап тұр

Елімізде инфляция 6,7 пайызға жеткен

Коронавирус пандемиясы салдарынан туындаған дағдарыс  дүниежүзілік экономиканың барлық салаларына әсер етті. Қазақстанда әсіресе қызмет көрсету саласының көрсеткіштері төмендеп кеткен. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің халықа есеп беру кездесуінде мәлімдеді. 

 Ұлттық экономика министрлігінің  былтыр және биылғы есептік кезеңде атқарған жұмысының негізгі қорытындылары туралы баяндаған министр әлемдік пандемияның экономикаға тигізген соққысы оңай болмай тұрғанын айтып өтті. Мәселен жыл басында әлемнің 16 елі биыл экономикасында өсім болады деп жариялағанымен, соңғы 3 айдың қорытындысы бойынша, 170 елдің экономикалық көрсеткіштері төмендегені белгілі болған. Осы орайда халықаралық сарапшылар да бұл дағдарыстың бұрынғы дағдарыстан өзгеше екенін мойындаған.

Қазақстанда ТЖ жариялануына байланысты, әсіресе,  сауда-саттық, көлік, туризм, қоғамдық тамақтану, кинотеатр, қонақ үйлер сынды қызмет көрсету саласындағы кәсіп өкілдері қаржылық қиындыққа тап болды.  

«Сәуір айының статистикасынан осыны байқауға болады. Сол себепті осы салаларға қосымша салық  жеңілдіктері ұсынылды. Жалпы, шағын және орта бизнес пен өңдеуші ірі бизнесты неиселеу мүмкіндігі кеңейтілді Кешенді жоспарда тиісті шаралар ескерілген», – деді министр.

Экономикалық көрсеткіштер, экономикалық белсенділікті қалпына келтіру шаралары, кәсіпкерлік, бәсекелестік, аймақтық саясат, салықтық-бюджеттік саясат, сондай-ақ, инвестиция және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жайлы баяндама жасаған министр қазір елімізде инфляция деңгейі 6,7 пайызды құрады деді. 

2020 жылдың басынан бері карантин шараларының аясында іскерлік белсенділіктің төмендеуі байқалады. Сондай-ақ, биржадағы негізгі тауарлар бағасы арзандаған. Еліміздің ЖІӨ-сі  0,2%-ға төмендеді. Бұл ретте тауарлар өндірісі 5,8%-ға артыпты. Ал қызмет көрсету салансының көрсеткіштері 4%-ға қысқарған. Негізгі капиталға салынған инвестиция өсімі нақты мәнде 0,9% құрады. Бұл былтырғы көрсеткішінен төмен, дегенмен оң өсім сақталып тұр. 

Сондай-ақ Дәленов 2019 жылы ЖІӨ өсімі 4,5 пайызды, инфляция 5,4%-ды, халықтың табысы нақты мәнде 6,5%-ды құрағанын еске салып өтті. Жұмыссыздық 4,8% деңгейінде қалыптасты.

Ұ