Теміржол дөңгелектерін өндіретін «Проммашкомплект» зауытының өндіріс көлемі артып келеді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
«Проммашкомплект» ЖШС – бағыттамалы бұрмалар мен теміржол дөңгелектерін өндіретін қазақстандық зауыт.
Зауыт жобасы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Зауыт Қазақстанда импорт алмастыру бағдарламасының қатысушысы бола отырып, бәсекеге қабілетті өнім шығарады.
Тұтынушылардың жоғары бағасына қол жеткізу және талаптарына жауап беру – кәсіпорынның стратегиялық міндеті. Зауыттың техникалық жағдайы сапалы, қауіпсіз, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға, қысқа уақыт ішінде тұтынушылардың сұраныстарына тез жауап беруге мүмкіндік береді.
2012 жылы» Проммашкомплект » ЖШС 75 мың бірлік қуаттылығымен өзге кәсіпорындарда илектелген дайындамалардан тұтас таптамалы дөңгелектер өндіретін зауытты іске қосты. Содан бері «Қамқор вагон» ЖШС, «АВЖЗ» АҚ, «ВЖД Бурабай» ЖШС, «Богатырь Транс» ЖШС, «Богатырь Көмір» ЖШС, ERG сияқты отандық вагон жөндеу кәсіпорындарымен және тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес тұтас дөңгелектерді жеткізе бастады.
2013 жылдан бастап 2018 жылға дейін 144 795 бірлік дайын өнім өндірілді. Биыл «PTC Holding» ЖШС, «Petroleum» ЖШС, «Транском» ЖШС және «ТД «ТТС» ЖШС-мен «Проммашкомплект»ЖШС өндірісінің тұтас таптамалы дөңгелектерінен доңғалақ жұптарын жөндеуге келісім-шарттар жасалды.
Кәсіпорынның доңғалақ цехы Германия, Чехия, Словакия және Украинаның ең озық жабдықтарымен жабдықталған. 2015 жылы зауытта IRIS стандарты енгізілді. IRIS халықаралық стандарты темір жол техникасын жеткізу тізбегіндегі ақаулар санын болдырмау және азайтуға ерекше мән бере отырып, тұрақты жақсартуларды жүргізуге мүмкіндік беретін бизнесті басқару құралы ретінде қолданылады.
2018 жылдың желтоқсанында қуаты жылына 200 мың бірлікке жететін толық циклді тұтас таптамалы доңғалақтарды өндіру кешені іске қосылды.
Кешен 700-ден 1250 миллиметрге дейінгітүрлі диаметрлі және диск конструкцияларының тұтас таптамалы темір жол доңғалақтарыншығара алады. Осы сәтке дейін шетелден сатып алынған темір жол доңғалақтары үшін дайындамалар зауытта механикалық тәсілмен өңделіп, қажетті қалыптарға жеткізілген.
Жаңа желі – жаңа бөліністерді дамытудағы маңызды қадам. Енді зауытқа ұзындығы 6, 9 және 12 метр тұтас таптамалы металл дайындамаларын жеткізеді. Осы дайындамалардан темір жол вагондарына, жартылай вагондарға, цистерналарға және әмбебап платформаларға арналған доңғалақтар ыстық илемдеу әдісімен өндіріледі.
Өндірісті жобалық қуатқа шығару жөніндегі іс-шаралардың өткізілуіне байланысты 2019 жылы 52234 дөңгелек шығарылды.
2020 жылы зауыт жобалық қуатына шықты және 1 мамырға дейін 59135 бірлік дайын өнім өндіріліп, тұтынушыларға жөнелтілді.