Жаңалықтар

Алматыда крематорий салу жоспарлануда

Құрылысқа тендер жарияланды

ҚазАқпарат тілшісінің хабарлауынша- Алматы қаласында крематорий салуға арнайы тендер жарияланған.

Крематорийде бір үлкен бөлме және екі пеш болады.

Жобалық құжаттарға сәйкес, құрылысқа 46 млн теңге бөлінген. Тапсырыс беруші – «Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Бүгінде елімізде бірде-бір крематорий жоқ.