БҚО-да «Охотзоопром» инспекторлары 280 мүйізді ұрлаған браконьерлерді құрықтады. Бұл туралы ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
«Рейдтік шара барысында «Охотзоопром» инспекторлары Батыс-Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Шапаев ауылының маңындағы «Атырау – Орал» тас жолында БҚО азаматының басқаруындағы ресейлік нөмірлі «SUZUKI» маркалы автокөлігін тоқтатты. Автокөлікті тексеру барысында киік аңының 280 дана мүйізі табылып, тәркіленді», – деді Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында.
Аталмыш факты Ақжайық ауданының полиция бөлімінде тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 339 бабымен қылмыстық іс қозғалды.