Қазақстанда коронавирус індетінен тағы екі науқас көз жұмды
Жарияланды
Барлығы 58 адам қайтыс болды
Қазақстанда коронавирус індетінен 2 науқас көз жұмды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
Павлодар облысы – 1957 жылы туған әйел, ал екіншісі Нұр-Сұлтан қаласында – 1966 жылы туған ер адам.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Қазақстан бойынша барлығы 58 адам қайтыс болды.