Маусымның соңында Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қалпына келеді
Жарияланды
Халықаралық рейстерді кезең-кезеңмен жандандыру жоспарланып отыр
Маусым айының соңында Қазақстан және Түркия арасындағы халықаралық рейс қайта қалпына келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
«Халықаралық рейстерді кезең-кезеңмен жандандыру жоспарланып отыр. Осы маусым айының соңында Қазақстан және Түркия арасында халықаралық рейсті қайта ашу көзделген», – деді министр Үкімет отырысында.
Сонымен қатар эпидемиялогиялық жағдай әрі қарай жақсарып жатса, басқа елдерге әуе қатынасын ашу жоспарланып отыр.