Жаңалықтар

Елімізде биыл жаңа 1 034 627 зейнетақы шоты  ашылды

Қазіргі уақытта жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 11 460 521 бірлік болды

2020 жылдың 1 мамырына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жарналардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 11 460 521 бірлік болды. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ-ның ресми телеграм-арнасы хабарлады.

2020 жылдың қаңтар – сәуір айларындағы жарналардың барлық түрлері бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны 978 170 бірлікке көбейді, оның ішінде 1 034 627 жаңа шот ашылды.