Ескі үлгідеге 500 теңгелік банкноттар айналымнан алынады
Жарияланды
Банктотты ауыстыру үшін Ұлттық Банктің филиалына өтініш жасау қажет
«Қазақстан Ұлттық Банкі 2020 жылғы 10 маусымда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттардың қатар айналысы кезеңінің аяқталатынын еске салады», – делінген ресми хабарламада. Бұл туралы Жаңалық KZ телеграм каналы хабарлады.
Ескі және жаңа үлгілердегі банкноттардың қатар айналысы кезеңінде 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттарды қабылдаудан бас тарту фактілері туындаған жағдайда, тиісті шаралар қабылдау үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өтініш жасау қажет.