Жаңалықтар

Қазақстандық «Каникулы off-line» франшизасы Ресей нарығына ұсынылды 

Key Buyers Event аясында Ресей мен Қазақстанның ынтымақтастығы артуда

Key Buyers Еvent аясында 15- маусымда Ресейлік және Қазақстандық кинематографшылардың онлайн-конференциясы өткізіледі. Бұл туралы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы хабарлады. 

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы әлемнің өзге елдерімен әріптестікті нығайтып, оларды бірлесіп кино өндіруді өзінің аса маңызды мақсаты деп біледі. «ҰКҚМО» КЕАҚ-на қысқа мерзімде халықаралық ауқымда бірлесіп шығаруға ұсынылған 40-қа жуық жоба келіп түсті. Бұл жайт отандық кинематографшылардың Ресей мен Қазақстанның ынтымақтастық түзуіне мүдделі екендігіне көзімізді жеткізіп отыр.  

Key Buyers Event аясында Ресей мен Қазақстан тарапының бірлескен өнім шығаруы мәселесіне орай өткізілетін арнайы ЗУМ-сессияға жоспарланған таныстырылымда келесі жобалар ұсынылатын болады:
«Эвакуация», режиссері Фархат Шәріпов, продюсері Дина Жұмабек, «Кокбозат», режиссері Ильшат Рахимов пен Алдан Баймаханов, продюсерлері Алмагүл Тілеуханова (Қазақстан) және Миляуша Айтуғанова (Татарстан, РФ).  

Қазақстандық «Каникулы off-line» табысты франшизасының продюсерлері Ақан Сатаев пен Ернар Құрмашев Ресей нарығына арналған алғашқы фильмнің ремейкін ұсынады.

Сонымен қатар Key Buyers Event іс-шарасының негізгі питчингіне дебютант режиссер Яна Скопина және продюсерлер Еркежан Мақсұт пен Тамара Богданованың қазақстандық-ресейлік «Скоро кончится лето» жобасы да кірді.