Алматы облысындағы қоқыс полигонындағы өртті тікұшақпен сөндіріп жатыр

Жарияланды
Өрт түні бойы сөндірілді

Алматы облысындағы қатты-тұрмыстық қалдықтардың қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге көлемі 3 тоннаны құрайтын су тасмалдағыш құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы қосылды. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 

Өрт түні бойы сөндірілді, қазіргі уақытта оқиға орнында Алматы облысы ТЖД жеке құрамынан 40 адам, 8 бірлік техника, Іле ауданы әкімшілігінен 26 адам, сондай-ақ 10 су тасушы техника, 3 бульдозер, 3 тиегіш, 5 самосвал жұмыс істеуде.

Өрт алаңы 3 гектар. Ал қоқыс тастайтын жердің жалпы ауданы 38 гектарды құрайды. Өрт орнында үздіксіз су беру ұйымдастырылды. Сонымен қатар қазіргі уақытта жану ошақтарын қайта құнарландыру және топырақпен жабу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, қоқыс полигонынан өрт шыққаны туралы хабар Алматы облысы ТЖД-не 10 маусым күні сағат 14.26-да келіп түскен. 
 

Сондай-ақ оқыңыз