Жаңалықтар

Алматыдағы Zibroo тігін фабрикасы жылына 80 000 дана өнім шығарады

Фабрика мамықтан жасалған киім-кешек өндірісін іске қосты

Алматыдағы Zibroo тігін фабрикасы жылына 80 000 дана дайын өнім шығарады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. 

Алматы Zibroo тігін фабрикасы – заманауи талаптарға сай келетін жоғары технологиялық спорт киімін жасаушы және өндіруші.

Zibroo маркасымен велосипедшілерге, сноубордистерге және тау шаңғысына арналған киім, тенниске арналған киім, спорттың командалық түрлеріне (баскетбол, волейбол, футбол), мәнерлеп сырғанау, фитнес және жүгіру, күрескерлер мен семсерлесушілер, сондай-ақ спорт стиліндегі (sport casual) модельдер ұсынылған. Кәсіпорын дизайнерлері мен құрылымдаушылары еркіндікті таңдаған және соңғы үлгідегі спорт киімдерін бағалайтын адамдарға бағдарланады.

2011 жылы Zibroo VII Қысқы Азия ойындарының ресми киім жеткізушісі болды. Компания Азия ойындарына қосқан ерекше үлесі үшін үкіметтік наградалармен марапатталды. 2014 жылы кәсіпорын Сочидегі (Ресей) XXII Қысқы Олимпиадалық және Параолимпиадалық ойындарына Қазақстан ұлттық құрамасының олимпиадалық киім-кешектерін жасап шығарушысы және өндірушісі болды, осылайша үздік төрт киімнің қатарына енді. Ал ағымдағы жылы компания Лозаннеде өткен (Швейцария) үшінші қысқы Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына ресми киім жеткізушісі болды. Zibroo еліміздің құндылықтарына жаңа көзқарас пен Қазақстанның өсіп келе жатқан ұрпақтарындағы патриотизм рухын қалыптастыра отырып, ұлттық нақыштағы өз стилін қалыптастыруға аса мән береді.

Сондай-ақ, компания мамықтан жасалған киім-кешек өндірісін іске қосты. Көптеген жылдар бойы мамық киімдері өзінің бірегей жылу сипаттамаларының арқасындажоғары сұранысқа ие болып отыр. Alerma-тігін фабрикасының жаңа жобасы. Енді кәсіпорын мамықтан өте ыңғайлы кеудешелер, күртешелер және пәлтелер тігеді.