«Kazrost Engineering Ltd.» өндірістік қуатын жылына 800 комбайнға дейін арттырмақ. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.
«Kazrost Engineering Ltd.» – әлемнің 5 еліндегі 11 өндірістік алаңда орналасқан 13 кәсіпорынды қамтитын «Ростсельмаш» брендінің ауыл шаруашылығы техникасының Қазақстандық өндірушісі.
Бүгінде «Kazrost Engineering Ltd.» жылына 500-ге дейін астық жинау комбайнын шығара алады. Өндіріс ошағында екі өндірістік цех пен логистикалық кешені (қоймалар, т/ж тұйығы мен аппарель) бар. Қазіргі заманғы технологиялық жабдықтармен жабдықталған, жалпы көлемі 10 мың шаршы метрден астам және жалпы аумағы 7 га болатын ірі кәсіпорын.
Сонымен қатар, отандық компания қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмай, жұмыстың түрлі бағыттарын дамытуда. Мысалы, қазір кәсіпорын өндірістік қуатын жылына 800 комбайнға дейін арттыру жобасын жүзеге асыруда. Ол ағымдағы жылдың маусым айына жоспарланған.