Республикалық маңызы бар жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Жарияланды
400 шақырымы қамтылады

Күрделі жөндеу жұмыстары Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының жолдарында жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. 

Жалпылай алғанда, биыл республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 443 шақырымы күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылады. 

Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін жолдардың біраз бөлігі Батыс Қазақстан облысында орналасқан. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыстың Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарын байланыстыратын жолдардың жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар 280 шақырым жолда жүргізілуде.

 

Биыл Чапаев және Қазталов елдімекендері аралығындағы жолдың 35 шақырымында жұмыстар толық аяқтап, қозғалысты ашуды жоспарланып отыр. Сонымен қатар, өңірдегі «Қазталовка – Жәнібек – РФ шекарасы» және «Өнеге – Бисен – Сайхин» автожолдарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
 

Сондай-ақ оқыңыз