Екі саяхатшыға күш көрсетіп, ақшасын тартып алған белгісіз адамдар қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөліміне Шарын шатқалының сұлулығын көруге велосипедтерімен барған Алматы қаласының 47 және 20 жастағы интернет қоғамдастығының саяхатшыларына белгісіз екі ер адамның шабуыл жасалғаны туралы арызданған.
Олар ашық түрде күш қолдану арқылы саяхатшылардың бірінің 13 мың теңге көлеміндегі ақшасын қолды қылып, екіншісінің тізесіне жарақат келтіре отырып, соққыға жыққан.
Алған жарақат салдарынан саяхат соңына жетпеген. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі 1,2-тармағы бойынша тіркелді. Полиция қызметкерлері тез арада іздестіру жұмыстарын жүргізіп, ұйымдасқан жұмыстың қорытындысында 27 және 30 жастағы Бәйдібек би ауылының екі тұрғынын ұстады.
Олар ұсынылған дәлелдемелерден кейін өздерінің кінәсін толық мойындады. Күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.